Шиеліде ауыз су мәселесі шешімін табуда

614

0

Сәрсенбі күні аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтіп, күн тәртібінде негізгі 3 мәселе және қосымша 2 мәселе қаралды.

Атап айтар болсақ, негізгі мәселелер қатарында ауыз суды халыққа жеткізу және сапасы, Тұран және Керделі ауылдық округтерінің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы атқарылатын жұмыстары тақырыптары қозғалды. Ал қосымша қаралған мәселелер 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қаржы игерімі мен баспасөз мәселесі жөнінде болды.

Жаз айларында туындайтын ауыз су тапшылығын жою үшін екінші магистраль құбыры тартылуда.
Ауыз судың халыққа жеткізілуі мен сапасы жөнінде «Жиделі топтық су құбыры» РМК Шиелі аудандық филиалының директоры Асылбек Сәрсенбаев баяндама жасап, былай деді:

– «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі Шиелі кенті мен Шиелі ауданының 22 елді мекенінің – 14 841 үйін, Шиелі кенті бойынша – 6 362, елді мекендер бойынша – 8 479 тұтынушыға, ал «Шиелі ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі – 7 елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Бірлестік, М. Шоқай, 1 Мамыр, Майлытоғай, Тартоғай, Ботабай, Сұлутөбе, Бұланбай бауы бойынша барлық тұтынушылар саны – 8 240 тұтынушы, 1 326 абонент ауыз су тұтынады. ауыз су беріледі. Ауыз су тұтынушыларды 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердегі су мұнараларын түнгі мезгілге толтыру арқылы елді мекенге су беріледі.

Ал, Тұран ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы атқарылатын жұмыстары туралы баяндаған ауылдық округ әкімі Болат Баймағанбетов биыл аудандық бюджет қаражаты есебінен елді мекендегі К.Мақұлбеков көшесі бойына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жарық шамдары мен жаяу жүргіншілер жолы салынғанын айтты.

Биыл Керделі ауылдық округінің келбетін келісті, көшелерін тақтайдай тегіс ету үшін көптеген жұмыстар атқарылған.

Нәтижесінде, 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Н.Бекежанов көшесіндегі ескі трансформатор астырылуда.
Бір қызығы, елді мекен бойынша 265 отбасының тұрғын үйлері жаңадан соғылып, ауыл бойынша тұрғын үйлердің 50,4 % пайыздан астамы жаңарып отыр.

Ауылдық округ әкімі Ғалымжан Ыхановтың айтуынша, ауылда тұрғындар санының көбеюіне байланысты елді мекеннің бас жоспарын әзірлеп, берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізілу мәселесі туындап отырған көрінеді.

Ауыл әкімінің баяндамасын тыңдаған аудан әкімі Нұржан Ахатов ақын Нартай Бекежанов ауылының аймақтағы үлгілі ауыл атануына барлық мүмкіндік бар екендігін. Сондықтан Нұржан Сәбитұлы ауыл әкіміне тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиын соңында аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қанат Рахманбердіұлы 2022 жылдың 11 айдың қорытындысы мен қаржының игерімі туралы, ал баспасөз мәселелері туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова баяндама жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<