Апта ағымында

435

0

ТАЗАЛЫҚ БӘРІМІЗ ҮШІН ОРТАҚ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов облыстық мәслихаттағы фракция мүшелерімен бірге қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған «Қызылорда тазалығы» мекемесінде болып, жаңадан сатып алынған техникалардың сапасымен танысты. Фракция мүшелері тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу полигонында қоқысты сұрыптау және көму үшін жаңадан шұңқыр қазу, санитарлық талапқа сай әр үйдің иесі өзіне темір контейнерлер қойып, бекітілген тарифтер бойынша төлем жүргізуі секілді ұсыныстарын ортаға салды.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасына енген негізгі жобалар бақылауға алынып, партиялық бекеттер орнатылған. Қызылорда қаласында қазіргі таңда дәл осындай 4 нысанда партиялық бақылау бекеттері жұмыс жасайды. Солардың бірі – өңіріміз үшін маңызы бар Қызылорда су торабы. Партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері аталған стратегиялық нысанның құрылыс жұмыстарнына бақылау жасады. Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен құрылыстың сапалы,мерзімінде аяқталуын бақылау.

Мұнан бөлек облыстық филиал төрағасы Шиелі ауданында болып, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп пен Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасады.

«БАЛАЛАРЫМЫЗ-АМАНАТЫМЫЗ!»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «AMANAT» партиясының облыстық филиалы балаларды қуанту мақсатында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мереке күні Аманаттықтар «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кішкентай тұрғындарына және сәбилер үйі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бүлдіршіндері, облыстың кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен республикалық балаларды оңалту орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының балақайларына арнайы іс-шара өткізіп, оларға сый-тартулар жасады.

Бұл күні барлық аумақтық филиалдарда партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында түрлі форматтарда шаралар ұйымдастырылып, облыс бойынша 1500-ден аса бүлдіршінге сыйлықтар беріліп, «Шин-Лайн» компаниясының демеушілігімен балмұздақтар таратылды.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба.
Осы мақсатта жұмыс аптасында, «АMANAT» партиясы облыстық филиалына қарасты қалалықжәнебарлық аудандық филиалдарда жоба аясында ашылған ақпараттық қолдау орталықтарында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

«Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына толық ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Партиялық бақылау комитетінің  төрағасы Павел Казанцевтің қатысуымен арнайы жиын өтіп,  оған аймақтық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы және комиссия мүшелері бейне-байланыс арқылы қатысты.

Жиын барысында партиялық бақылау комиссиясының алдағы уақытта атқаратын жұмыстары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау мен «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы партия жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қаралды.

Кеңес отырысына бейнебайланыс арқылы аймақтық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Г.Есқалиева және білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Момбек қатысты.

ХАЛЫҚ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын талқылауға арналған фракцияның кеңейтілген отырысы өтті.

Фракция отырысына аймақтық және аумақтық фракция мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты.

ӨҢІРДЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ   КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов  Жалағаш және Сырдария аудандарында болып, Таң, Ақжарма елді мекендері тұрғындармен және шаруа қожалық иелерімен кездесті. Кездесуде «Жер аманаты» жобасының іске асырылуы мен жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары, осы бағытта азаматтарды толғандырған мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен өткен жылы Қызылорда облысы бойынша 157 мың гектарды құрайтын 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Биылғы жоспар 200 мың га. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының  өңірдегі көшпелі отырысында айтылды.  

АМАНАТТЫҚ ДЕПУТАТ КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендір балаларды қорғау күні мерекесінде көп балалы анаға қолдау көрсетті.

Осыған дейін партия алаңында өткен депутаттың жеке қабылдауына қала тұрғыны, 7 балалы ана Досова Динара есімді азаматша келіп, кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қажетті құралдарын алуға ықпал жасауды сұраған болатын.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған көп балалы кәсіпкердің талап-тілегін ескеріп, назарға алған халық қалаулысы мерекеде тұрғынның үйінде болып, кәсіпкердің жұмысына қажетті «чЧиллер» аппараты мен арнайы ноутбук сыйға тартты. Сондай-ақ мерекеге орай балаларға сыйлықтар жасады.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Р.Ибраев жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады.

Мұнан бөлек партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында Түркістан – Қызылорда облыстары бойынша заң консультанттары палатасының заңгері А.Шегирова және қалалық тұрғын үй инспекциялық бөлімінің басшысы А.Рысбек тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіп, мәселелерін шешу бойынша кеңес берді.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен кеңестер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 89  іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<