Құрылымдық бөлім қызметкерлері гибридтік конференцияға қатысты

731

0

Астана қаласында Назарбаев Университеті мен Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) алғаш рет бірлескен гибридтік конференция өткізді. Шара аясында 80-ге жуық кездесулер өтіп, шараларға 28 елден 300-ге тарта қатысушы қатысты. Бұл гибридтік конференцияда халықаралық мансап орталықтарының басшылары мен кәсіптік бағдар беру саласындағы белгілі сарапшылар баяндама жасады. Конференция сессиясын APCDA президенті Момоко Асака жүргізді.

Өткен шараға Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінің қызметкерлері қатысты. Атап айтсақ, «Болашақ» құрылымдық бөлімінің тәжірибелі мамандары, заң ғылымдарының кандидаты, проректор Г.Арғынбекова мен экономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Г.Жүсіпова Халықаралық жаңа форматтағы іс-шараға арнайы шақырылып, білім алмасты.

Іс-шараның басты мақсаты – жауапкершілікті өзіне ала білу, өз пікірі, ұстанымы бар, мақсатқа ұмтыла білетін, ынтымақтастыққа әрекет етудің жолдарын үйретіп, түлектерді болашаққа дайындау, мансаптық дамудың рөлін ұғыну, болашақ трендтер және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша білім алмасу болып табылды. Гибридтік конференцияның аясында шараға қатысқан қонақтар мен қатысушылар, Назарбаев университетінің қызметкерлері мен білім алушыларының әзірлеген мәдени қойылымы мен қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, ЖОО өкілдеріне арналған коммуникация бойынша мастер-классқа қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<