Университет ғалымдары INQAAHE-2023 халықаралық конференциясына қатысты

778

0

Ағымдағы жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында Астанада өткен «Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жол картасы 2030» тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің (INQAAHE) 17-ші Халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияға Сыр өңірінен Ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінің проректоры, заң ғылымдарының кандидаты Г.И. Арғынбекова, экономика ғылымдарының кандидаты А.Т.Райымбекова қатысты. Конференцияда білім беру саласындағы беделді сарапшылар баяндама жасады. Шарада жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту, білім беру жүйесіндегі менеджментті дамыту жөніндегі жаһандық күн тәртібін қолдау үшін инновациялық икемді және инклюзивті шешімдер бағытындағы ЮНЕСКО-ның жол картасы бойынша ілгерілеуді қолдау үшін сапаны бағалаудың рөлі талқыланды.

Жалпы INQAAHE – жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету теориясы және тәжірибесімен айналысатын 300-ден астам ұйымды біріктіретін дүниежүзілік қауымдастық болып табылады. ЮНЕСКО-ның серіктесі болып табылатын қауымдастық 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Әлемнің 97 елінің жоғары білім беру аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындары осы қауымдастықтың мүшелері болып табылады.

Ашық университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесі де жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктер аккредиттеуінен тұрақты түрде өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<