Студенттер күніне орай әртүрлі іс-шаралар өтпек

559

0

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Student life» апталығы өткізіледі. «Student life» апталығының мақсаты – Халықаралық студенттер күнін жоғары деңгейде атап өту, студент жастардың бейресми білім алуы мен кәсіби біліктілігін дамыту және әртүрлі бағыттағы шараларды ұйымдастыру арқылы қоғамдық белсенділіктерін арттыру болып табылады.

Халықаралық студенттер күні 5 күн бойы атап өтіледі. Апталық аясында «Саналы күн», «Спорт күні», «Ұлттық күн», «Қайырымдылық күні», «Көңілді күн» атауларымен әртүрлі бағыттағы мерекелік іс-шаралар бекітілген. «Апталықтың ерекшелігі – кез келген бағыттағы іс-шаралар студент жастардың ұсыныстары мен сұраныстарына сәйкес өткізіледі», – дейді Қызылорда студенттер Альянсының төрағасы Расул Базарханұлы.

Мерекелік күнтізбелер тізімінде студенттерге ғана бағытталған іс-шаралар ғана көрсетілмеген. Сондай-ақ, ұлттық және қайырымдылық бағыттағы шаралар да көрініс табады. Әрбір мерекелік күннің өзіндік мақсаты бар. Қай күнді алсақ та, жастар мен қоғам игілігі үшін берер нәтижесі мол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<