Студенттер театры ашылды

888

0

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанынан «Ассорти» студенттер театры ашылды. Өнер ұжымы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап Желтоқсан оқиғасы туралы «Ызғар» қойылымын ұсынды. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғынып, бейбіт күннің бағасын білуге шақыруды мақсат еткен қойылымды көрермен жылы қабылдады.

Өткен жылдың 9 ақпанында құрылған театр пандемия жағдайына байланысты биылғы оқу жылында ашылу салтанатын өткізуде. Студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдауға ықпал ететін театр құрамына арнайы кастинг арқылы он үш студент қабылданған. Қазіргі уақытта жиырмаға жуық актер, сахна сыртындағы техникалық құраммен қосқанда 27 адам бар.

Театрдың көркемдік жетекшісі – «Филология» бөлімінің студенті Бекзат Ешмұратов. Режиссері – «Физика, математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің студенті Серік Бекасыл, музыкалық сүйемелдеуші – «Филология» бөлімінің студенті Салабат Данияр.

«Ассорти» алдағы уақытта көрермендерін лирикалық, поэтикалық бағыттағы қойылымдарымен қуантуды жоспарлап отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<