Табиғат пайдаланушылар назарына!

400

0

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабының 3-тармағына сәйкес жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қоспағанда, өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi.

 Мемлекеттік экологиялық сараптама – көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық  талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын-алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау.

 Экологиялық кодекстің 50-бабына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу құжаттар топтамасын ұсынған кезден бастап II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні III және ІV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тіркелген күннен бастап II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтаруға жатады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру электронды портал арқылы көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №100 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға келесі материалдар ұсынылады:

1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

2) қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы болған жағдайда мынадай құрамда:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге межеленіп отырған қызметтің жобаалды немесе жобалау құжаттамасы;

Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

3) эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары болған жағдайда:

эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

Қазіргі таңда табиғат пайдаланушылар үшін «мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бірге беруге» қосымша қызмет енгізілді.

Сонымен қоса, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру мемлекеттік қызметі бойынша кеңес 8(7242) 60-53-69 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<