Талап оң болсын!

640

0

Ұлттық тестілеу орталығы грант конкурсы басталғаннан кейін үш күнде республика бойынша 49 987 талапкер құжат тапсырғанын хабарлады.

Құжат қабылдау 13 шілдеде басталды, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыт ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр.

Екінші орында «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары». Үштікке «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты кірді.

«Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады» делінген министрлік мәліметінде.

Естеріңізге сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<