Танымы мен тағылымы мол конференция өтті

523

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 16 қараша күні қазіргі заман ұстазының интерактивті портретін дәріптеуге арналған «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбында облыстық мұғалімдер конференциясы онлайн режимінде өтті.

Конференция ұлағатты ұстаз, «Сыр қойнауы» бағдарламасының авторы, білікті тренер, аға оқытушы Мария Айтбайқызы Орманованың 60 жылдық мерейтойы аясында шығармашыл тұлғаның өнегелі өмір жолы мен білім беру саласында атқарған тәлімді іс-тәжірибесін таныту және кеңінен насихаттауға арналды.

Конференция жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен облыс аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Ұлағатты ұстаздың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық жұмыстары жөнінде бейнежазбалар көрсетіліп, баяндамалар оқылды.

Мария Айтбайқызының тұстас, замандас әріптесі, Аралдың біртуар ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі АбдуллаЕрғалидың ақ тілегі ақынжанды мұғалім Жарасхан Бөлековтің мұғалімдер атынан шығарған арнау өлеңімен әрленді.

Мерейтой иесіне тосынсый жасалып, гүл шоғы тапсырылды.

Гүлхаят МАХМУТОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының

Қызылорда облысы бойынша филиалының PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<