Тиімді диалог платформасы

731

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде.

Бүгінгі күні карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте аталған ақпараттық жүйенің тиімділігі жоғары екенін атап, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша ақпараттың қолжетім­ділігін қамтамасыз етті» деген болатын.

Бұл сыбайлас жемқорлық­қа қар­сы іс-қимыл агенттігі­нің бас­тамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңіс­ті­гіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Картада нақты уақыт режимінде облыстағы әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінген бюджеттік қаражат туралы, жеткізушілер туралы ақпарат, бөлінген сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер және басқа да ақпараттар көрсетіледі. Республиканың кез келген азаматы картаның көмегімен облыстағы әлеуметтік ны­сан­дарға қанша қаражат бөлін­ге­нін біле алады, сонымен қа­тар бюджеттік шығындарды ба­қылайды. Сомалар бойынша келіспеушіліктер немесе сәйкессіздіктер болған жағ­дайда, азамат белгілі бір бағыт­тарға қаражат бөлу туралы өз бастамаларын жасауға құқылы.

Карта іске қосылғаннан бері ел бойынша 8,3 трлн тең­ге көлемінде 17 мыңнан аса мем­лекеттік мекеменің бюджет қаражаты жария­ланған. Оның жартысы (4,08 трлн теңге) биылғы жылы қолжетімді болды. Картадағы барлық қол­­же­­тімді бюджеттер 1 млн-нан аса қаралып, нәтижесінде азаматтар тарапынан пікірлер қалдырылған.

Ал облыс бойынша  картада 1883 бюджет жарияланып, 706 ұйым тіркелді және 3 өтініш келіп түсті. Олардың барлығын мемлекеттік органдармен дер кезінде қарады. Айта кету қажет, енгізілген бюджеттің жалпы көлемі 663,6 млрд теңгені құрап отыр.

Қоғамдық бақылауды жүзе­ге асыруда атқарылған жұ­мыс­тар мен бөлінген қаражат арасында сәйкессіздіктер туын­­­­да­ған жағдайда азаматтар осы картада пікірлерін қалдыра ала­ды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<