Тимур Қасымов FIDE төрешісі атанды

1238

0

Халықаралық шахмат федерациясының сайтында белгілі журналист, «Кызылординские вести» газетінің экс-бас редакторы Тимур Қасымовтың FIDE төрешісі болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Тимур Равильевичпен 40 жыл бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестеріне оның осы интеллектуалды ойынға деген қызығушылығы жақсы таныс

. «Ол әр түрлі турнирлерде қатысты, мейлі ол БАҚ қызметкерлері арасындағы жарыс болсын, немесе сеньорлар арасындағы Азия чемпионаты болсын» деген пікір қалдырды.


Айта кетейік, ФИДЕ төрешісінің мәртебесі-тек қана құрметті атақ емес, күрделі ойындағы жоғары кәсібилікті дәлелдеудің жолы.


– Тимур Равильевич 10 жасынан бері шахматқа әуестенген. Медициналық иститутта оқыған анасының сіңлісі Саида демалысқа үйге келіп, магниттік шахмат сыйлады және фигуралардың қалай жүретінін көрсетті. Бұл оның тәлімгермен алғашқы және соңғы әрекеті болды. Ол шахматты әрі қарай өзі дамытты: ауладағы ересек көршілер мен пионер лагеріндегі құрдастардың қалай ойнайтынын көрді. Ал, 9-сыныпта мұғалімдер құрамасына қарсы ойнады,-деді әріптесі Игорь Титенок.


Тимур Равильевич республикалық жарыстарға қатысып, Филиппинде өткен Азия чемпионатында ойнаған. Кейіннен Қазақстан шахмат Федерациясының ұлттық төрешісі болды, бірқатар турнирлер ұйымдастырды, ал 2021 жылы Ташкентте халықаралық төрешілер семинарына қатысып, емтихандарды сәтті тапсырған.


Сыр еліне олжа сыйлаған Тимур Равильевичті құттықтай отырып, жаңа жетістіктер тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<