Төрт аяқты тінтуші

543

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 60 мекемесінің режим бөлімінде есірткі заттарын анықтау үшін қызметтік иттерді пайдалана отырып, тінту жұмыстары жүргізілді. Ерекше қызмет атқаратын төрт аяқты жануар ерекше күтімді қажет етеді. Сол себепті олардың мезгілімен тамақтануы және уақытылы ем алуы қолға алынған.

Бәріне белгілі кинолог пен ит бірлесе жұмыс істейді. Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде жарылғыш заттар, есірткі және қару-жарақтар табылады.

Қазір 7 жастағы Мартин есімді көмекшіммен бірге жоспарға сай жаттығу алаңындамыз. Ерекше қасиетке ие көмекшім екеуміз аз уақытта тіл табысып, тыйым салынған заттардың мекеменің ішкі аумағына енуінің алдын аламыз. Бұл салада олармен жұмыс істеу қиын. Күшік кезінде мінезін әбден зерттеу қажет. Тінтуші жануарды осы мамандыққа үйрету – жас баланы тәрбиелеумен бірдей. Оны да алдайсың, еркелетесің, тіпті ұрысып та аласың. Оларды күтіп, баптау біздің міндетіміз, – дейді режим бөлімінің бақылаушы кинологы Бекзат Аманғалиев.

Бөлім қызметкерлері осы иттердің көмегімен тоқсан сайын бір рет тінту жұмыстарын жүргізеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<