Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде жиын өтті

533

0

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Аталған жиынға Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидмиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Зауре Сансызбаева арнайы келіп қатысты.

Басқосуды жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев күн тәртібінде 2 мәселе қаралатынына тоқталды.

Оның алғашқысы – «аудан көлемінде аса қауіпті тырысқақ, жұқпалы вирусты гепатит «А», іш сүзегі, жедел ішек ауруларының алдын алу шараларын күшейту туралы» болса, бұл жөнінде Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Майра Ршымбетова және қосымша хабарламашы «Қазалы – Су сервис» мекемесінің басшысы Әзім Ешмұрат баяндап берді.

Мұнан соң Майра Қуантайқызы Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасының алдын алу туралы айтып өтті.

Одан бөлек, «Аудандық ветеринария станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Болатбек Амреев аталған мәселеге қатысты хабарлама жасады.

Жалғас Оңғарұлы баяндамашыларға сауал жолдап, аталған мәселелерді кеңінен талқылады. Сондай-ақ, орын алған жайттардың анық-қанығынан хабар алды.

Комиссия отырысының соңында сала қызметкерлеріне тиісті жұмыстар жүктеліп, тапсырмалар берілді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<