Түркияға аттанған құтқарушылардың бір тобы елге оралмақ

491

0

Сурет: ашық дереккөзден

Түркияда болған алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан қазақстандық құтқарушылар елге қайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылардың бірінші эшелоны Түркиядан Алматы қаласына 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 23.10-да келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке аттанған болатын.

Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды және 7 адамды құтқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<