Тұтынушы құқығы маңызды

612

0

Осы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 227 арыз-шағым түскен. Өтініштердің басым бөлігі бөлшек сауда саласына қатысты. Барлығына тиісті жауап қайтарылды. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы 3,4 миллион теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов тарқатты.

– Департамент облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалық ететін «Облыс бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиясының жұмысы аясында жүргізіліп келеді. Комиссияның жыл басынан осы уақытқа дейін 75 отырысы өткізілді. Комиссияда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары өсуінің себептері мен бағаларды тұрақтандыру мәселелері қаралады. Сонымен қатар, жыл басынан осы кезеңге дейін өнімсіз делдалдардың 26 фактісі анықталды, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Брифингте сала басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерін сақтау бөлігінде кейбір нарық субъектілерінің сауда үстемесінің шекті мәні яғни 15 пайыздан асырып сатқан фактілер анықталды деп мәлімдеді. Нәтижесінде заңды белден басқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<