Тың алқапқа тұқым түсті

308

0

Жалағаш аудаында биыл 32,7 мың гектарға егіс егу жоспарланып отыр. Оның 18100 гектарына күріш егіледі. Бүгінгі таңда егіске қажетті 5,1 мың тонна тұқым дайын.

Биыл дән себуді алғаш болып ақсулықтар бастады. Ақсу ауылындағы «Сәрке батыр» ЖШС жалпы көлемі 1490 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр. Егістің алғашқы күні 250 гектарға жуық тұқым себілді.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев серіктестіктің егіс алқабында болып, диқан қауыммен жүздесті. Алдағы шаруалар жайын ақылдаса келіп, еккен егін бітік шығып, ел несібесінің артуына игі тілегін қосты. Сондай-ақ, аудан басшысы өткен жылы аудан диқандары күріштен рекордтық өнім жинағанын, биыл да сол межеден табылып, егіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастыра білу  қажеттігін айтты.

«Сәрке батыр» ЖШС директоры Т.Бодыбай, аудан ардагері Ж.Адамбаев сөз алып, «бастама берекелі болсын» десіп, бата берді.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 3500 гектар жаңа жоңышқа, 285 гектар жаздық бидай, 60 гектар арпа, 1900 гектар мақсары дақылдары егілді.

                                                                                       Ғазиза ӘБІЛДА,

                                                                                       «Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<