ТЖМ Абай облысындағы өртті сөндіру жұмысы туралы айтты

315

0

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай ауданындағы өртті сөндіру туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады. Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов жүр.

Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды.

Өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет су төгілді, жалпы көлемі 1 500-ден астам тонна. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі 4000-ға жуық тонна болды.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.

«Қазгидромет» АҚ мәліметінше 14 маусым күні: қысқа мерзімді жаңбыр найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп күтіліп отыр. Түнде ауа температурасы 5 – 10 градус, күндіз: 18- 23 градус жылы.

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы Сырым Шәріпханов өрттің Семейге таралу қаупіне баға берген болатын. Сондай-ақ, ол Абай облысындағы өрт қашан ауыздықталып, сөндірілетіні туралы айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<