ҮЕҰ-дың ресурстық орталығы ашылды

278

0

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының сол жағалауында «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру»

әлеуметтік жобасы бойынша ҮЕҰ-дың ресурстық орталығы ашылды.

Орталықта түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, оқыту курстары, конференциялар, танымдық шаралар өткізу арқылы аймағымыздың үкіметтік емес ұйымдары үшін мүмкіндіктер алаңына айналдыру жоспарда бар. Осы орайда орталық жұмысын үйлестіру үшін облыстық қоғамдық даму басқармасынан арнайы 3 маман бөлініп және жоба барысында 3 маман ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетілуде. Жоба аясында техникалық ерекшелікке сәйкес интернет сайт https://npo-kyzylorda.kz/  жұмысын бастады, одан бөлек әлеуметтік желілер (инстаграм, фейсбук) жұмысын жандандыруда, арнайы электронды пошта ашылып, мәліметтер жинақталуда. Арнайы сайтта, әлеуметтік желілерде облыс көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпараттар, әдістемелік құралдардың электронды нұсқалары, өткізілген іс-шаралар, конкурстар туралы жаңалықтар орналастырылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<