Үшем үйіне шықты

769

0

Сыр жұртшылығы  үшін жаңа жыл қуанышты жаңалықпен басталды. Облыстық перинаталдық орталықта  үшем дүниеге келді.  Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер үйіне шығарылды.

Ұл бала мен екі қыз бала жүктіліктің 33-аптасында өмір есігін ашты. Нәрестелердің  туған кезде салмағы 1830, 1670 және 1200 грамм. Қазіргі кезде сәбилердің де, анасының да жағдайы жақсы. Қазбековтер әулетінің үлкендері, яғни, ата-әжесі немерелеріне  Әлинұр, Адина, Медина деп ат қойды.

Үшемді дүниеге әкелген 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Ақбота  Әбсаттар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Бұл екінші жүктілігі, алдында  2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-аптада білген. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіз болуы мүмкін екенін болжады, бірақ 8- аптада үшем екенін растаған.

«Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қуаныш  пен қорқыныш сезімі болғанын жасырмаймын, жүктілік қалай өтеді, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады деп уайымдадым» дейді жас ана.

Жалпы өңірде туу көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсім бар. Атап айтқанда,  облыстық перинаталдық орталықта былтыр  11133 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 151 егіз және 3 үшем бар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<