Үздіктердің үздігі

1031

0

Қызылордалық Мақсат Исағабылов елордада жақында өткен қазақ күресінен республикалық «Үздіктердің үздігі» турнирінде түйе палуан атанды. Оны кеше жерлестері «Қорқыт ата» әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға келушілер аз болған жоқ. Салтанатта чемпионның құрметіне жылы лебіздер, құттықтаулар мен арнау айтылды.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген турнирде аймақ намысын 5 спортшымыз қорғады. Олардың арасынан Бекжан Төлепов (55 келі) пен Мақсат Исағабылов (100 келіден жоғары) барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз тұғырынан көрінді. Балуандарды жарысқа Болатбек Кенеев дайындады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<