Ұлағатты ұстазды ұлықтады

1290

0

Бүгін қалалық білім бөлімі мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп лицейінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз Оразбек Ешеновті еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті.

Шараға қалалық білім бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы О.Әлімбетова, марқұм Оразбек Ешеновтың жұбайы Г.Ешенова және балалары қатысты.

Турнирде 8 мектеп бақ сынады. Атап айтсақ, Абай атындағы үш тілде оқытылатын мектеп, №3-ІТ мектеп, №11 мектеп-лицей, №15 мектеп-лицей, №23 мектеп-лицей, №144 орта мектеп, №212 мектеп-гимназиясы, №264 мектеп-лицей командалары.

Негізгі мақсат – қызметкерлер арасында спортқа деген бейімділіктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу, футзал ойынын дамыту және насихаттау сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Турнир жеңімпаздары ауыспалы кубокпен, сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<