Ұлттық ойынды ұлықтады

634

0

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Іс-шараға 500-ден астам бала қатысты.

Қатысушылар «қол күрес», «бұқа тартыс», «ләңгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» сынды қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Жарыстарға жоғары сынып оқушылары қатысты. Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар аталды.

Полиция қызметкерлері жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<