Вакцина: кезек мұғалімдерге келді

709

0

Бүгін өз еркімен өтініш білдірген қызылордалық ұстаздарға «Спутник V» вакцинасы егілді.

Ереже бойынша алдымен әрқайсысының денсаулығы тексеріліп, кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды.

– Екпе алғаныма 15-20 минуттай болды. Ешқандай әсерін сезініп отырған жоқпын, кәдімгідей қалыпты жағдай. Бұдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Біздер білім ошағында жұмыс істейміз. Алдыңғы кезекте екпе салдырғанымыз дұрыс. Әрбір саналы азамат өзінің болашағы үшін, айналасындағылардың амандығы үшін вакцина алу керек деп ойлаймын, -деді Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей директорының орынбасары Айжан Әлімова.

Облысқа коронавирус инвекциясына қарсы егілетін 6200 «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і бірінші компонентте, 2600-і екінші компонентте егілетін болады.

ІІ кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз