Жалағаштықтар жылды қорытындылады

366

0

Жалағаш ауданында Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жыл қорытындысына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Онда аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындарды жаңа жылмен құттықтады. Тарих қойнауына енгелі отырған барыс жылының еліміз үшін күрделі жыл болғанын, дегенмен бұл жылы елімізде, аймағымызда үлкен, игілікті істердің атқарылғанын атап өтті.

«Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» дегендей қазақ халқының келер жылдан мол үміт күтетінін, барлық қиындықтар осы жылмен қалатынын тілге тиек етті.

— Жыл басындағы қаңтар оқиғасын әлі ұмыта қойғанымыз жоқ. Қазақ халқы, «Басы қатты болса, аяғы тәті болады» дейді. Жыл басы қатты болғанымен, жемісті жыл болды. Біз тарихтан сабақ ала отырып, еліміздің болашақ бағытын айқындап алдық, — деді аудан әкімі.

Бұдан кейін аудан әкімі жыл үздіктерн марапаттап, салтанатты шараның соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<