Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

697

0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі Өкімімен Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы Премьер-Министр Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол облыс әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімі лауазымынан босатылды.

Өткен сенбіде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Нұрлыбек Нәлібаевтың жаңа қызметіне сәт­тілік тілеп, оған Қызылорда облы­сының Құрмет грамотасын табыс­тады.

– Нұрлыбек Мәшбекұлы 2013 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Елбасының, Мемлекет басшысының, Үкімет және аймақ басшыларының қолдауымен Қызылорда қаласы әкімі қыз­метінде абыройлы еңбек етіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына үлесін қосты. Соңғы 8 жылда 194 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жол құрылысын дамытуға 30 млрд теңгеге жуық қаржы тартылып, 840 шақырымды құрайтын 1 177 көше жөнделді. 8 мектеп, 21 балабақша, 3 мәдениет үйі, 131 спорттық ойын алаңы салынды. 1,5 млрд теңгеге жуық қаржыға 31 әлеуметтік нысанға күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, қайта жаңғыртудан өт­кізілді, – деді облыс әкімі.

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Нұрлыбек Нәлібаевтың қаланың дамуына қосқан үлесінің зор екендігін айтты. «Ол басқарған Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы көптің көз алдында деді. Ал, мем­лекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов Нұрлыбек Мәшбекұлының аймақтың өркен­де­уіне үлкен үлесі барын айтып, жаңа қызметіне тілектестік біл­дірді.

Мәжілісте Нұрлыбек Нәлібаев қала басқару ісінде қолдау көр­сеткен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен әріптестеріне алғыс айтты.

– Мен өз қызметімде әрқашан сіздердің қолдауларыңызға сүйен­дім. Маған үлкен жауапкершілік жүк­тедіңіздер. Сыр халқының бере­ке-бірлігінің арқасында ұзақ уақыт облыс орталығында қыз­мет істеп, елдің, басшылардың демеушілігінің біріккен жұмысы арқылы нәтижелерге қол жеткіздік деп ойлаймын. Жаңа қызметте де елдің, туған жердің гүлденуіне еңбек ете бермекпін. Қала тұрғындарына, барша әріптестеріме ризашылығымды білдіремін, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Мұнан соң өңір басшысы қала активіне қатысып, Нұрлыбек Нәлі­баев­тың жұмысына оң бағасын берді. Қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев Нұрлыбек Мәшбекұлына «Қызылорда қала­сының Құрметті азаматы» атағын табыстап, қала депутаттары атынан алғыс білдірді. Жиында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрғанбай Маханов, ақын Шакизада Әбдікәрімов, мемлекет және қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев Нұрлыбек Нәлі­баевтың атқарған жұмысына алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<