Жаңару күнінде 21 шара ұйымдастырылды

242

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес 19 наурыз – «Жаңару күні» болып белгіленді. Қазақта күн мен түннің теңеліп, табиғаттың тағы бір әсемденіп, жаңаратын күнін ерекше күткен, жаңа күннің бастауын жақсылыққа балаған. Бұл күн әр адам өз-өзіне есеп беріп, өмірін оң бағытқа жаңартатын мерейлі мезет іспетті.

Жаңару күніне орай Сыр өңірінде 21 іс-шара өтті. Қала және барлық аудандарда өмірдің жаңаруын бейнелеу мақсатында жаппай көшет отырғызу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш күннің мәні мен мазмұнын айшықтайтын мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Наурыз-думан» атты мерекелік шара өтті.

Осылайша, Жаңару күні өңірде ерекше тойланып, өмірдің жаңа кезеңі қайта жақсылықпен бастау алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<