Жастар және дін

424

0

Бүгін «Qadam» Жастар ресурстық орталығында жастар арасында жат діни ағымның алдын алу, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, отбасы құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу мақсатында ақпараттық – түсіндіру тобының жоспарына сәйкес «Жастар және дін» тақырыбында аудан жастарымен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Н.Наурызбаева және «Ораз Ахун» мешітінің имамы А.Қали қатысты. Кездесу барысында, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, отбасындағы ер азаматтың рөлі, қазақтың тәрбиеге қатысты тыйым сөздері туралы ой бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<