Жастар жемқорлыққа қарсы

383

0

Бүгінгі   жастар жемқорлықсыз қоғам құруды қалайды. Олар жемқорлықпен күресудің  нәтиже беруі мүмкін барлық жолдарын ұсынып, белсенділік танытып келеді. Осы ретте облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жас отан» жас­тар қанатымен бірлесіп, пікірсайыс алаңын өткізді. 

Облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің бөлім меңгерушісі Эль­зира Сағитжанова шараның маңыз­дылығына кеңінен тоқталды. Қоғам дертіне айналған проблеманы шешу үшін жастар да өз үлесін қосып, осы бағытта түрлі ауқымды шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.    

Пікірсайыс алаңында жастар екі топқа бөлінді.  Олар жемқорлықтың жолын кесу үшін қандай амалдар жасалу керектігін айтып, өзіндік көзқарастарын білдірді. Ұсыныс, пікірлерін айтып, көпшіліктің талқысына салды.

– Бүгінгі сайыстың мақсаты – жастарды шығармашылық және қоғамдық іске баулу арқылы жемқорлыққа қарсы тәрбиелеп, өзекті мәселеге деген құқықтық мәдениетті арттыру. Қай кезде де қандай күрес болмасын, адам өзінен бастауы қажет. Сол себепті, біз барлық жасты белсенді болуға шақырамыз, жемқорлықпен бірге күресейік, – деді  мектеп оқушысы  Нұрай Қалиханова.

Пікірсайыстың ақтық кезеңінде  жүйелі ойын көрсеткен жастар марапатқа ие болды.

«Рухани жаңғыру» орталығында өткен шараға музей қызметкерлері, «Жас отан» жастар қанатының белсенділері, «Жалын» облыстық пікірсайыс орталығының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Жиын соңында жастар музей ішін аралап, қаланың өткен тарихы мен бүгінгі тынысына куә болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<