Жақсы сөз жақсылық шақырады

304

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры мемлекеттік қызметкерлердің ортасында «Мемлекеттік қызметкер этикасы: сөйлеу, іскерлік сөйлеу, коммуникациялық орта» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов қатысты.

Семинар-тренингте Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Н.Құлмырзаев «Виртуалды әлем: діни экстремизм, толеранттылық, ақпарат мәселесі» тақырыбында ой өрбітті. Айтуынша, қарапайым халық бұқаралық ақпарат құрал­дарында жарияланған барлық ақ­­паратқа сенеді. Әрине, бұл дұ­рыс. Алайда халықтың барлық жа­ңалықты сол күйінде қабыл­дауы­ның кері әсері интернет пай­да болғаннан бері біліне бас­тады. Себебі, ғаламторда кім не жазса да, қандай ақпарат таратса да көпшіліктің талдап-таразыламай қабылдайтыны кейде ел арасында  дүрбелең туғызып жа­татыны жасырын емес. Бір қиыны, мұндай сәтті базбіреулер өз ұпайына пай­да­ланатындығы. Мә­селен, теріс пиғылды топтар халықтың кез келген ақпаратқа сенгіштігін пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы ел тыныштығын бұзатын ақпарат салып, оны өздері бүркеншік атпен, интернет тілімен айтқанда, «фейк» болып, әрі қарай қоздырып әкетіп, талайдың санасын улайды. Сондықтан әрбір ақпаратқа салмақты оймен, таразылап баға берген абзал әрі шынайы жаңа­лықтың насихатталуына қоғам болып белсенділік танытқан жөн.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ қауымдас­тырылған профессор міндетін атқарушы, психология ғылымдарының кандидаты А.Ая­ғанова «Коммуникациялық орта» та­қы­рыбында ой бөлісті. Бұл орайда мемле­кеттік қызметшілерге аудиторияны игере білудің құ­пия­сымен бөлісті. Көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін адам се­німді, ойын анық, шынайы жет­кізуі керек. Сондай-ақ, көп ал­дында қимыл-қозғалыстың да әсері бар. Психологтың айтуын­ша, қол саусақтарын айқас­тыру, алақанды шымшылау, сауса­ғы­мен үстелдің үстін ұру адам­ның өзіне сенімсіздігін және шы­дам­­сыздығын білдіреді екен. А.Ая­ғанова семинарды амери­калық пе­дагог-психолог Д.Карне­гидің ортамен жақсы қарым-қатынас орнатуда 4 кеңесімен түйіндеді. Ол: мақсатқа жетуге ұмтылу, не айту керек екенін білу, сенімділік таныту, тәжірибеге сүйену.

Семинар-тренингті қорытын­дыла­ған об­лыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Ма­ханов бұл шараның қатысу­шылар үшін пайдалы болғанын атап өтті.

Гүлмира Ділдәбекова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<