Жедел жәрдемге жүгінушілер көп

894

0

Жай күндердің өзінде жұмысы қауырт болатын жедел-жәрдемнің қызметі пандемия уақытында бірнеше есеге ұлғайды. Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына  тәулігіне  1900 қоңырау мен шақыртулар түседі екен.

Оған станцияға қарасты 49 бригада уақытылы үлгеруі тиіс. Әрине, техникалық мүмкіндікті айтпағанның өзінде, адами фак­тордың өзі осынша қарбаласқа шыдай бермесі анық. Соған қарамастан ақ халатты абзал жандар адам жанына араша түсуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасап бағуда.

– Пандемия басталған алғашқы айларда шақырту азайған болатын. Қазіргі күні тұмау, қауіпті індеттің өршуі жедел жәрдемнің көмегіне  жүгінетіндер қатарын көбейтуде. Шақыртудың көптігінен кейде үлгермей жатамыз. Бүгінде тұрғындардың тарапынан тыныс жүйесінің, онан соң қан айналым жүйелерінің ауруына, жедел рес­пираторлы вирусты инвекцияға байланысты шағым көп, – дейді бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік жөніндегі орынбасары Ж.Досжанов.

Аймақта “103” қызметтері құрал-жабдық, материалдық-тех­ни­­калық базамен толық қамта­ма­сыз етілген. 49 бригаданың 18-і ма­мандандырылған дәрігерлік бригада болса, 31-і фельдшерлік бригада.

Қазіргі кездегі қалыптасқан жағ­дайға байланысты жедел жәр­дем бригадалары шақыртуларға дер ке­зінде барып, пациенттің жағ­дайын қарауға барынша күш салуда.

– Маусым айындағы шақырту­лар әдеттегіден өте көп. Дәрігерлер бәріне үлгеруге тырысады. Жұ­мыс болған соң кешігулер болады. Тұрғындар тарапынан да түсінушілік танытып, сақтық шараларын қолға алса, – дейді Жомарт Досжанов.

Жалпы республика бойынша жедел жәрдем қызметі бес ай ішінде 3 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсеткен. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүнісовтің мәлімдеуінше, елімізде маусым айында шақыртулар саны 10%-ке артса, жедел жәрдемге иек артқандар саны 18 мыңға жетуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<