Жігіттер дәрігермен жүздесті

682

0

Кеше Жастар ресурстық орталығында «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» аясында «MEDIUM» урология-андрология клиникасының білікті дәрігерлері студент ер балаларға «Ерлер денсаулығының маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Кездесуге, директордың орынбасары Ақылбек Мусаев, сонымен қатар клиниканың уролог-дәрігерлері Досбол Абенов, Жасұлан Жапбасбаев, Дархан Нұрбай келіп, урологиялық аурулар, олардың себептері мен емдеу жолдары жөнінде мол мағлұмат берді.

− Ұл бала өз денсаулығы туралы анасына айта алмайды. Сондықтан ағалары, әкелері көңіл бөлуі керек. Себебі бозбала шақта күтінбей, суық тию, аяқтан ыза өту, дұрыс тамақтанбау, сақтанбай жыныстық қатынасқа түсу, ер балаларды түрлі аурулардың асқынған түріне жеткізуде. Біздің орталыққа ем іздеп келетін жандар арасында жастар өте көп. Спортпен шұғылданып, денсаулықтарын күткені маңызды, − дейді «Medium» клиникасының директоры Олжас Байтөреев.

Тек ер-азаматтар мен студент жігіттер қатысқан жиын ашық сұрақ-жауап алмасу форматында өтті. Шара барысында дәрігерлерге жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, керекті ақпараттар мен кеңестер алды. Білікті дәрігерлер өз кезегінде жастарды ұдайы дәрігерге қаралып, сырқатын дер кезінде емдеуге шақырды. Шара соңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы дәрігерлерге зор ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<