Жұмылған күрес қылмыстың жолын кеседі

240

0

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күн­дерінен бастап сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес елі­міздің ішкі саясатының бас­ты бағыттарының біріне айналды. ТМД елдерінің ара­сында алғашқы болып біздің елде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңы қабылданып, арнайы орган құрылды. Мемлекеттік қыз­меттер көрсетудің басым бөлігінің цифрландырылуы мен автоматтандырылуы, қоғамдық бақылау қызметі аясының ұл­ғаюы, биліктің халық алдында есеп беру жүйесінің енгізілуі сыбайлас жемқорлық көрі­ністерінің төмендеуіне өз сеп­тігін айтарлықтай ти­гі­зуде. Осындай шара­лардың нәти­жесінде Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау дең­гейі бойынша халықаралық «Transparency international» ұйы­мы­ның мемлекеттер ин­дексінде 131 орыннан 122 орынға орналасты. Бұл айтар­лықтай жетістік.

Елбасы мемлекет пен қоғам жем­қор­лыққа қарсы күре­сетін тұ­тастай күш болып жұмылуы керек­тігін ұдайы айтып келеді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақ­са­тында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының 9-бағытын «Жем­­қорлықпен күрес және заңның үстем­дігі» деп атап, осы бір өзекті мәселе туралы ашық айтты. Сонымен қатар, аза­мат­тардың конституциялық құ­қықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгі­лендіру жұмыстарын жал­ғастыру қажеттігі, қоғамдық  тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғам­дық орындарда бейнебақылау жүр­гізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді бел­сенді түрде енгізу керектігі нақты айтылған.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп айтып өтті Елбасы. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

Т.ЖОЛЫМБЕТОВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс 

бойынша департаменті басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<