Жол жүру ақысын төлеуге арналған арнайы жапсырмалар

221

0

Фото: Автобус паркі

Жолаушылар жол ақысын төлеген кезде жапсырмаларды пайдаланады. QR кодын сканерлеу немесе көлік кодын енгізу үшін терминалға барудың қажеті жоқ. Қоғамдық көліктердін терезелері мен есіктерінде барлық қажетті деректері бар арнайы жапсырмалар орналастырылған. Олардың көмегімен төлемді қалай жүргізуге болатынын тағы бір мәрте еске саламыз:

⠀– Кез келген банк қосымшасы арқылы QR-код сканерлесеніз болады. Бұл үшін басты бетте қажетті бөлімді таңдау, QR-кодты сканерлеу кейін өз әрекеттеріңізді растау қажет. Жол жүру құны – 85 теңге.

⠀Төлем жасағанан кейін электрондық билет пайда болады. Тексеру кезінде оны тексерушілерге көрсету қажет болады.

⠀– 2505 нөміріне (Beeline, Kcell/Activ, Tele2/Altel) SMS арқылы сандық кодты жіберумен. Жауап ретінде сапар туралы барлық деректері бар (күні, уақыты, бағыты, көліктің мемлекеттік нөмірі және т.б.) хабарлама келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<