Жылжымалы кешен жолда жүр

1033

0

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша облыста қатерлі ісіктер бойынша тіркелген жаңа жағдайлар 100 мың тұрғынға шаққанда 159,2-1110 жағдайды құрады. Өткен жылдың 10 айында 1011 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққанда 146,7 болған еді, аурушаңдықтың өсу қарқыны  8,5%.

Онкологиялық аурушаңдықтың құрылымы бойынша: бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (14%, 147 жағдай), екінші орында өкпе қатерлі ісігі (9,9%, 110 жағдай), үшінші орында  асқазан қатерлі ісігі (8,6%, 95 жағдай), төртінші орында тік және тоқ ішек қатерлі ісігі (6%, 67 жағдай).

Қатерлі кеселден өлім-жітім көрсеткішінде бірінші орында өкпе қатерлі ісігі (14%, 51 жағдай), екінші орында асқазан қатерлі ісігі (13,7%, 50 жағдай), үшінші орында тік және тоқ ішек  қатерлі ісігі (9,4%, 34 жағдай), төртінші орында сүт безі қатерлі ісігі (8,5%, 31 жағдай), бесінші орында өңеш қатерлі ісігі (6,8%, 25 жағдай).

Аурудың 0-І сатысында анықталуы 0,9%-ға жоғарылап, жаңа жағдайлардың жалпы құрылымында 32,8%  (2022 жылғы 10 ай 32,5%) құрады.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтердің жалпы жоспарын орындау 93,8%. Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу скринингімен қамту 89,6% болып, (33251 әйел тексерілді), 59 ауру анықталды. Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу бойынша жоспарлы қамту 96,1% құрады (25893 әйел тексерілді). Ісікалды жағдайларды анықтау 0,7% (192 жағдай), 22 жағдай анықталды, барлығы ерте 1-2 сатысында.

Тік және тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алу скринингімен қамту 96% құрады (41379 адам тексерілді), ісікалды аурулардың анықталуы 18,3% (57 жағдай), 4 жағдай анықталды, ерте сатысында анықтау 100%.

Облыстық онкология орталығында 4611 пациент арнайы мамандандырылған ем алды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,5% артқан (2022 жылдың 10 айы 3796). Емханаға келушілер саны 25211, яғни 7 317 пациентке артуы байқалады (2023 жылдың 10 айында 17 894).

Пациенттердің жүру бағытын, тексеру уақытын бақылау үшін ахуалдық орталық ұйымдастырылып, жұмыс жасауда. Нәтижесінде уақытылы тексерулерден өткендер артқан.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы негізінде қарау кабинетінің маманы ісік ауруына күдік болған немесе анықталған кезде «Онкосақтық 1» маркерін қояды, пациентті үш жұмыс күні ішінде жалпы тәжірибелі дәрігерге жібереді. Жалпы тәжірибелі дәрігер бейінді маманмен бірлесіп, толық тексеру жүргізеді және пациентті онкологқа немесе онкоорталықтың «Онкосақтық 2» маркерін орната отырып, бес жұмыс күні ішінде жібереді. Онколог немесе онкоорталыққа жалпы тәжірибелі дәрігер жолдама берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарап-тексеруді және қажетті зерттеулерді жүргізеді. Олардың нәтижесі бойынша пациентті диагнозды растау және белгілеу, «Онкосақтық 3» маркерін орната отырып, жүргізу мен емдеудің кейінгі тәсілін айқындау үшін онкологиялық көмек көрсететін ұйымға жібереді.

Биыл қазан айында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Жоспардың іс-шараларын іске асыру 5 жыл ішінде 5 негізгі бағыт бойынша көзделген.

Олар – қауіп факторларының профилактикасы және басқару, тиімділігі жоғары ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту.

Қазан айының аяғында «Qazaqstan halkyna» қоры арқылы облыстық онкология орталығына жылжымалы медициналық кешен берілді. Кешен томосинтез функциясы бар цифрлық мамографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен жабдықталған. Құрал Жапонияда жасалған.  Оны аудандарға шығару үшін мобильді бригада құрылды, 12 маман, атап айтқанда, онколог дәрігер, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, сәулелік диагностика дәрігері, рентген-лаборант және т.б мамандарымен қамтылған. Байқоңыр қаласынан бастау алған жылжымалы медициналық кешен  кестеге сәйкес жыл соңына дейін Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарын қамтиды.

22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында  Байқоңыр қаласында мобильді бригада мамандарынан 312 тұрғын онколог кеңесін алса, 1 тұрғында қатерлі ісік анықталды, 7 тұрғынның денсаулығында күмән бар. 553 әйел маммографиялық және 250 тұрғын ультрадыбыстық зерттеуден өтті. Келушілер арасынан 141сақтандырылмаған тұрғын тегін зерделеуден өтті.

Желтоқсаның 4-нен бері мобильді бригада Арал ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде, 3 күн ішінде 201 тұрғын онколог кеңесін алып, 3 тұрғында қатерлі ісік ауруы анықталса, 1  тұрғын қатерлі ісікке күмәнді ретінде тіркелді. 100  әйел маммографиялық және 98 тұрғын ультрадыбыстық зерттеуден өтті, 52 сақтандырылмаған тұрғын тегін қаралды.

Жыл соңына дейін 2 мыңнан аса онкоскринингтен өтпеген мақсатты контингентке және сақтандырылмаған азаматтарға көңіл бөлініп, жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамту жоспарлануда.

М.Мерей

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<