Қызылорда облысы көлемінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы қоғамдық сананы қалыптастыру және шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Есірткіге қарсы үздік төсбелгі» әзірлеу сайысы ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндағы үш түрлі төсбелгі жобасын әзірлеп, оларды электрондық форматта ұсынды. Сайыс ережесіне сәйкес жұмыстар түрлі-түсті форматта дайындалып, идеяның мазмұндылығы мен көркемдік шешіміне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар өз жұмыстарын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жариялады.
Байқауға ұсынылған жұмыстар арнайы бекітілген бағалау критерийлері негізінде сараланды. Атап айтқанда, жұмыстың сайыс тақырыбына сәйкестігі, идеяның жаңашылдығы, графикалық шешімнің ерекшелігі, көркемдік деңгейі, дизайн эстетикасы, қабылдаудың қарапайымдылығы мен көшіруге ыңғайлылығы ескерілді.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
Бірінші орын – Ұзайыр Диас, Халилуллаева Фариза («Orda School» мектебі Қызылорда қаласы), Ерболаткызы Жания (Сырдария ауданы N36 мектеп-лицей); Екінші орын – Келменбетқызы Інжу (Қармақшы ауданы N111 орта мектеп), Таңсықбай Нұртай (Жалағаш ауданы N116 орта мектеп), Кеншилик Арайлым (Қармақшы ауданы №273 орта мектеп); Үшінші орын – Жасарал Айлин (Қазалы ауданы №165 орта мектеп), Бертағы Рамазан (Қазалы ауданы N103 орта мектеп), Нағымет Еркеназ (Қазалы ауданы N17 орта мектеп), Мырзағали Аруназ, Рсалиева Жаннур (Қармақшы ауданы №99 орта мектеп), Алпысбайұлы Қажымұрат (Қармақшы ауданы №111 орта мектеп).
Аталған байқау жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.





