Табиғат аясындағы танымдық кеш

5

0

Шиелі ауданындағы «Руханият орталығында» Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар мерекесіне орай «Рухани әлем» атты ашық аспан астындағы мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға арнайы қа­тысқан аудан әкімінің орын­ба­сары Болатбек Ысмағұлов, «Ama­­nat» партиясы аудандық фи­лиа­лы­ның атқарушы хатшысы Жі­бек Баймұратова кітапхана­шы­лар қа­­­уы­мын және барша қаты­су­шы­ларды мерекемен құттықтап, кі­тап оқудың тек адам үшін емес, қо­ғам үшін де маңызды еке­нін атап өтті. Мерекеге орай аудан кө­лемінде еңбегімен елдің ықы­ла­сына бөленіп жүрген кітап­ха­нашыларға, сондай-ақ белсенді оқыр­­­мандарға, сала жұмысына ат­са­лысып жүрген демеушілерге аудан әкімдігі және «Amanat» пар­тиясы аудандық филиалы атынан  құрмет көрсетіліп, марапаттар та­бысталды.

Осынау мерейлі сәтте аудан әкімдігінің қолдауымен ақын, қа­зақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Ха­лықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының, «Құрмет» орденінің ие­гері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Қатира Жәленованың 75 жас мерейтойына орай ақынмен сыр-сұхбат өткізіліп, келелі жиын­ға ұласты. Мерейтой иесіне аудан әкімінің алғысы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайыл, қа­лам­гер Нұрмахан Елтай, ардагер Жақсылық Әлиев бастаған ақын­ның ауылдастары, бірге өскен дос-жарандары ыстық ықыласын білдірді. Оқырмандар ақын өлең­дерін жатқа оқыса, Мәдениет са­ла­сының үздігі Ақмарал Ноғай­баева, тағы басқа әншілер автор­дың сө­зіне жазылған әндерді орындап, кө­рермен қауымның зор қоше­ме­тіне бөленді.

Кеш барысында ақын Қатира Сыздыққызы туған жеріне тағзым ете тұрып, терең тебіренісін жүре­гінен шыққан жыр жолдарымен жеткізді.

Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Аруна Өркенқызының айтуынша, бұл кештің басты мақ­саты – кітаптың құндылығын дә­ріптеу арқылы оқырман мәдениетін қалыптастыра отырып, рухани мұ­раға деген құрметті арттыру. Осы орайда кітапхана саласындағы ке­йінгі жаңалықтар насихатталып, сандық технологияны қолдану ар­қылы кітап оқуға деген қызығу­шы­лықтың арта түскені айтылды.

Мерекелік іс-шара барысында «Руханият орталығында»  атқары­лып отырған жұмыстар кеңінен та­ныстырылып, музей, архив және АХАТ салаларымен бірлескен мә­дени-танымдық жобалардың ма­ңы­зы аталып өтті.

Гүлдана ЖАҚЫПОВА,

аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры