Төраға ардагерлерді марапаттады

4

0

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев Шиелі ауданындағы «Руханият орталығында» өткен аудандық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысты. Жиында екі бастауыш ұйымының төрағасы есеп берсе, алқа мүшелерінің қатысуымен басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Серік Әбішұлы өз сөзінде аймақтағы жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге тоқтала келе, ел ақ­са­қал­­дарының жұртшылыққа көрсетер өнегесі мен Прези­дент бастамасымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қатаң қадағалау қажеттігін де еске салды. Төраға орынбасары Жұмабек Әлиев, пленум мүшесі Әбутәліп Тоқтыбаев және Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев ардагерлермен пікірлесті.

Жиын соңында кеңес төрағасы ауданның қадірменді ақсақалдары 90 жасқа толған Сейтхан Тұрысбековке және 88 жасқа толған Сейілбек Аманжоловқа «Қызыл­орда облысының Құметті ардагері» төсбелгісін табыс­тап, шапан жауып құрмет көрсетті. Сондай-ақ бірқатар белсенді ардагерлер кеңестің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ,

Шиелі ауданы