Төзім мен қайрат сынағы

33

0

Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасында сарбаздар арасында дәстүрлі «Мен Отанымның қорғаны» атты патриоттық сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бо­йын­дағы отансүйгіштік қасиетті нығайту, әскери қызметке деген жауапкершілікті арт­­тыру, олардың фи­зикалық да­йын­дығы мен жа­уын­гер­лік рухын шың­дау. Со­нымен қатар, сайыс қаты­су­шылар арасында дос­тық қарым-қатынасты қа­лып­тас­тырып, ұжымдық бір­лікті күшейтуге бағытталды.

Сарбаздар бірнеше ке­зеңнен тұратын эстафеталық спорт түрлері бойынша өза­ра бақ сынады. Онда жыл­дамдық пен төзімділікті та­лап ететін жүгіру, күш сы­насу элементтері және ко­мандалық үйлесімділікті қажет ететін тапсырмалар қамтылды. Әр кезеңде қа­ты­сушылар ептілігін, шап­шаң­дығын және ұйым­шыл­дығын дәлелдеді.

Дәстүрлі дода жоғары деңгейде өтті. Командалар әр сайыста мықтылығын, әс­кери дайындықтарының жақ­сы деңгейде екенін ай­қын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бо­­йынша үздік нәтижеге жет­кен сарбаздар арнайы дип­­лом­дармен және Алғыс хаттармен марапатталып, қар­жылай сыйлыққа ие бол­ды.

Мұндай мазмұнды ша­ра­лар жас сарбаздардың ру­хын көтеріп қана қоймай, олардың Отан алдындағы борышын адал атқаруына, ел қауіпсіздігін қорғауға де­ген сенімін нығайта түседі.

«СБ» ақпарат