Түркияда қазақстандық студенттердің құрылтайы өтті

396

0

Фото: ҚР СІМ

Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан студенттерінің құрылтайы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, шараны Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен «Бірлік қазақ жастары» студенттер ұйымы ұйымдастырды.

Құрылтайдың басты мақсаты – Түркияда білім алып жатқан және осы жылы оқуды бастаған жастардың басын қосып, оларға бағдар беру.

Жиынға Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, қоғам қайраткерлері және қазақ диаспорасының белсенді азаматтары қатысты.

«Студенттердің басым көпшілігі Ыстанбұлға жаңадан келіп жатқан жастар болғандықтан Бас консул Н. Аманқұл оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, шет елде болу заңдарын қатаң сақтауды ескертті. Сондай-ақ студенттерге консулдық тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, алдағы уақытқа ортақ іс-шаралар өткізу мәселесі талқыланды», – делінген баспасөз хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<