Қазақ бұлбұлының ескерткіші ашылды

646

0

Бүгін Қазақстан және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы аясында туған жері Сыр елінде әншінің ескерткіші ашылды.

Аймағымыздың бас шаһарының қақ төрінен орын алған ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Роза Тәжібайқызының ұлы Тәжен мен келіні Марал өз лебіздерін білдірді.

Ескерткіштің ашылу рәсімі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған “Ақмаңдайлым” республикалық әншілер конкурсына ұласуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<