Ізгілік нұры

1580

0

Өмірде тұлғасы аласармайтын, орнын ешкіммен ауыстыруға келмейтін адамдар жетерлік. Соның ішінде кемеңгерлігімен ерекшеленетін, шоқтығы биік тұлға – ұстаз. Өзгенің уақытын аялап, өзінің уақытын аямайтын мұғалімдік қызметке ең биік баға беріліп келеді. Бүгін осы қызметті абыройлы атқарып, өмірден ерте озса да, артына өшпестей із қалдырған  ұстаздың бірі Манат Шамбекқызы жайлы сөз қозғамақпыз.

Саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған Манат Сматова 1956 жылы Қармақшы ауданының Жо­салы қыстағында дү­ниеге келген. Сонда Ш.Уәлиханов атындағы №26 қазақ орта мектебінен білім алып, 1981 жылы Шымкент педагогикалық институтын тарих пәні мұ­ғалімі мамандығы бо­йынша тәмамдайды. 1985 жылдан бастап Қызыл­ордадағы №4 С.Сей­фул­лин атындағы орта мек­тепте үздіксіз еңбек етіп, 1993-1999 жыл­дар аралығында мектеп ди­ректорының оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары, мектеп психологы қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бері өз ма­мандығы бойынша шәкірт тәрбиелеп, өмірінің соңы­на дейін ұстаздық етті. Сол жерде өзінің адами қа­сиетін, үлкен парасат иесі екенін танытты. Шә­кірт тәрбиелеп, ұстаз деген үлкен құрметке ие болды.

Манат апайдың шы­найылығы мен тура­шыл­дығын шәкірттері әлі күнге дейін айтып жү­ре­ді. Бұл қасиеттерді шәкірт­терінің бойына да сіңіре білді.

– Апай өте білікті, бі­лімді болды. Өте қатал, бірақ артында зілі жоқ. Балалардың жақсы оқы­ғанын, шынайы болғанын қалайтын. Үнемі «қо­лың­­мен істегенді мой­ның­­мен көтер» деп адал­дық­қа, ешкімнің ала жі­бін аттамауға баулитын. Осындай жақсы тәр­бие­нің арқасы болар, ол кісінің алдынан өткен шәкірттерінің осалы жоқ. Әріптестерінің бар­лығы сыйлап, құрмет көрсететін, – дейді шәкірті Айкүміс Қосанова.

Өн бойынан тек із­гіліктің нұры шашылып тұ­ратын ұлағатты ұстаз шә­кірттерінің зерделі де зерек болуы жолында барынша аянбай еңбек етті. Үнемі тынымсыз ізденісте болып, түрлі жобаларға қа­тысты. Ұстаздан дәріс алған оқушылардың бар­лығы дерлік қандай бәй­ге болса да, жеңіс төрі­нен көрінді. Осылайша, қы­рық жылға жуық еңбек өті­лінде елімізге білікті де білімді мамандар даяр­лауға өлшеусіз үлес қосты. Бұл еңбегі ескерусіз қалған емес.

Манат Сматова – «Бей­бітшілік әлемі» халық­аралық шығарма­шылық бірлестігінің, «Ыбырай Алтынсарин», «Астана – 10 жыл» медальдарының, «Қазақстан ұстазы» төс­белгісінің, облыс әкімінің арнайы сыйақысының ие­­гері. Сондай-ақ, өзі ұс­таздық еткен мектептің 50 жылдық тарихына ар­налған «Самғатқан сан қыранды алтын ұя» ат­ты кітаптың, «Тарих – ға­сырлар куәсі», «Қа­зақстан тарихы пәні бо­йынша тапсырмалар топта­масы, 9-сынып» әдіс­те­мелік құ­ралдарының авторы.

Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, тынымсыз еңбек етуге арнаған жан­ның аты ешқашан ұмы­тылмақ емес. Әсіресе, еңбек еткен әріптес­тері­нің, бойына ілім-білім мен ізгілік нәрін құйған шә­кірттерінің жадында мәңгі сақталары хақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<