«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

930

0

Жаңа оқу жылы пандемияға байланысты жаңа форматта жалғасты. Онлайн оқыту қазіргі заманның байланыс құралдарын – ноутбук, планшет, смартфонды қажет етеді. Бұл ретте қала кәсіпкерлері қолдан келгенше көмектесіп, балалардың кедергісіз білім алуына жағдай жасауда.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «Мектепке жол» акциясы аясында кезекті рет қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Көпбалалы, мұқтаж отбасыдан шыққан оқушыларға жас кәсіпкердің демеушілігімен интернет желісіне қосылған 10 ұялы телефон мен 10 мектеп сөмкесі және оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды.

Айта кету қажет, бұған дейін де орталықта Бақдәулет Мақашов, Асхат Шәукенбаев секілді кәсіпкерлер игі іске үлес қосты. Бұдан бөлек, орталық ІТ паркпен бірлесе қала тұрғындарының қолданыста болған компьютерлерін арнайы жөндеуден өткізіп, 20 оқушыға үлестірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, маңызды шара алдағы уақытта жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<