Алдағы 10 жылда коронавирус қалай өзгереді?

780

0

Атлантадағы Эмори университеті мен Пенсильвания мемлекеттік университетінің ғалымдары алдағы онжылдықтағы COVID-19 болашағына болжам жасады. Зерттеу нәтижелері EurekAlert журналында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар SARS-CoV-2 траекториясын болжау үшін HCoV деп аталатын 4 коронавирус түрінің адамға иммунологиялық және эпидемиологиялық әсерін талдаған.

Авторлар бұл модельде иммунитет жүйесінің инфекцияға сезімталдығы, қайта жұқтырғаннан кейін аурудың әлсіреуі және вирустың таралуы сияқты компоненттерді қарастырған. Сонымен қатар, олардың әрқайсының әлсіреу уақытына зерттеу жүргізді.

Болжам бойынша, алдағы 10 жылда SARS-CoV-2 коронавирусы эндемиялық аурулар санатына енеді. Алғашқы инфекция үштен бес жасқа дейін пайда болады, ал ауру қарапайым суық тию белгілерімен жүреді. Авторлардың пікірінше, балалық шақта аурудың жеңіл түрлерімен иммунитет қалай күрессе, солай өмір бойына сақталады. Егде жастағылар ауырса, ол жеңіл түрде өтеді, өйткені балалық шақта пайда болған антиденелер оларға белгілі бір иммундық қорғаныс береді.

Дегенмен ғалымдар ауқымды вакцинацияның керек емесін ескертеді. Себебі қайта жұқтыру кезінде вакцина қысқа уақытқа ғана әсер етеді. Бірақ вакциналар аурудың күшін азайтады және жаппай иммундық жүйені қалыптастырады. Бұл COVID-19-дың эндемиялық аурулар санатына өтуін баяулатады.

Ғалымдар вакцина қорын сақтау үшін вакцинацияны біртіндеп азайтуды жөн деп санайды. Ол үшін тек белгілі бір жастағы адамдар тобына ғана вакцина жасауды ұсынады. Ол тізімге қарт адамдар кіру керек пе немесе керісінше, балалар кіруі керек пе – мұны аурудың даму динамикасын талдағаннан кейін ғана айтуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<