АҚ ХАЛАТТЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

722

0

Бүгін Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина саласы қызметкерлері күніне арналған шара өтті. Салтанатты жиынға сала қызметкерлері мен бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақ халаттылардың мерейлі мерекесінде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, саланың үздік мамандарын марапаттады. Сонымен қатар  саланың маңыздылығына тоқталып, Елде денсаулық саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында үздік денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар белгіленіп жүргізілуде. Бұл бағытта

2023 жылы  «Ауыл  – Ел  бесігі» бағдарламасы бойынша Қармақшы аудандық ауруханасына республикалық бюджеттен қаражат қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Одан бөлек Ақжар, Дүр Оңғар елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториясын салу жоспарланып отыр.

Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз нәтижелі болсын! – деді шарада сөз алған аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы.

Айта кетейік, Қармақшы аудандық медицина саласы бойынша тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында көп іс қолға алынып, емдеу мекемелерінің техникалық базасы жаңартылу үстінде.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<