Баланы тәттіге тәуелді етпеңіз

456

0

Австралия ғалымдары балалардың тәттіге тәуелділігі сәби жасынан қалыптасатынын дәлелдеді. Бұған ата-аналардың өздері үлес қосады екен, сөйтіп, оның тәттіні шектен тыс пайдалану арқылы түрлі ауруға ұшырау қаупі артуына басты себепкер болады. Фмендерз университетінің ғалымдары 700-ге жуық жас аналар арасында сауалнама жүргізіп, нәттижесінде қызықты әрі ойлантарлық жауаптар алған деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.

Яғни, аналардың әрбір төртіншісі балаларына алты айлығында-ақ қосымша тағам ретінде тәтті жеміс шырынын, түрлі күлшелер бергенін, тіпті кейбіреулері бір айлық сәбиіне қант бергенін де айтқан. Адамда тамаққа байланысты әдеттер өте ерте қалыптасады екен. Қатты тағамға қалыпты кезеңнен ерте үйренген адамдар құрамында қанты мен тұзы көп майлы тағамға әуестенуге ерте бейімделеді, ал бұл семіздікке апаратын бірден-бір жол.

Жалпы, дәрігерлер сәбиді алты айлығына дейін тек ана сүтімен немесе сүтті қоспамен азықтандыруға кеңес береді. Тіпті, жеңіл саналатын сиыр сүтінде де табиғи теңдік мөлшерде сахароза бар. Ал адамдардың, әсіресе қала тұрғындарының басым бөлігі сиыр сүтін аса көп мөлшерде тұтынатыны мәлім. Олай болса, сәбиіңізді тәттіге тым үйір етпеңіз, оның денсаулығына көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<