Коронавирустың жаңа мутациясы балаларға қауіпті болуы мүмкін

1103

0

Ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа мутациясы 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Лондон королева Мария университетінің эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Дипти Гурдасани жасады.


Оның айтуынша, мутацияланған вирус аталған жас тобында ауру белгілерін тудыруы мүмкін. Жаңа штаммның ересектер арасында да кең таралып, індетті жұқтырғандардың саны артуы мен салдарынан өлім-жітім санының да артуы мүмкіндігін баса айтты.


Лондон Императорлық колледжінің профессоры Венди Барклай COVID-19 жаңа нұсқасы балалар үшін анағұрлым жұқпалы екенін бұрынырақ айтқан болатын. Ғалым вирустың анықталған нұсқалары ACE2 рецепторымен байланысуы қиынырақ болған, сондықтан мұрын мен тамағында ACE2 рецепторлары көп ересек адамдар індетке сезімтал болып келген. Алайда, вирустың жаңа штаммы үшін бұл үрдіс оңай, сондықтан балалар да ересектер сияқты бұл вирусқа сезімтал бола алатындығын айтқан.


Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің Жұқпалы ауруларды математикалық модельдеу орталығының мамандарының айтуынша, жаңа штамм алғашқы нұсқасына қарағанда 56 пайызға жұқпалы, бұл індетті жұқтырғандардың санының өсуіне әкелуі әбден мүмкін екен. Кейінірек жаңа штамм көптеген елдерде анықтала бастады: Франция, АҚШ, Жапония, БАӘ, Қытай, Германия, Австралия.


Бұл ретте, Қазақстанда Ұлыбританияда анықталған жаңа КВИ штаммының тіркелмегенін атап өту керек. Және Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тікелей әуе байланысының жоқ екенін ескеру керек. Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 қазаннан бастап ел аумағында КВИ-ді шет мемлекеттерден әкелу жағдайларын алдын алу мақсатында қатаң профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.


BAQ.KZ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз