Қазақстанда 33 мың адамға коронавирус вакцинасы салынды

519

0

Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамға коронавирусқа қарсы екпе салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 279 адам бірінші компонентпен, 15 856 адам екінші компонентпен егілді.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салу жоспарланып отыр.

Бұл ретте ресейлік «Спутник V» екпесі және отандық «QazCovid-in» вакцинасы қамтылмақ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «СҚ-Фармация» ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 млн астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 млн дозаға дейін арттыру жоспарланған.

Айта кетейік, вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<