Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

158

0

Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында.

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%», – делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)

Алматы қаласы – 117 (4,7%)

Қарағанды облысы – 44 (5,3%)

Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)

Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)

Қызылорда облысы – 25 (7,2%)

Шымкент қаласы – 22 (2,7%)

Қостанай облысы – 12 (7,3%)

Атырау облысы – 12 (1,2%)

Жамбыл облысы – 7 (1,9%)

Түркістан облысы – 6 (1,7%)

Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)

Алматы облысы – 4 (1,1%)

Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

Sputnik


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз