Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 4 мыңнан астам маман жетіспейді

431

0

Биылғы жылдың 15 шілдедегі жағдайы бойынша дәрігер кадрларының тапшылығы 5 201 бірлікті құрады, ең жоғары қажеттілік Қостанай облысында – 624 дәрігер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мәлімдеді.

«Жас мамандарды бөлгеннен кейін кадрлар тапшылығының оң динамикасы байқалады: 10 қыркүйектегі жағдай бойынша, республика бойынша кадрларға қажеттілік 1 079 бірлікке азайды. Ең үлкен алшақтық Қостанай облысында тіркелді, онда кадрлар қажеттілігі 52% – ға азайды. Осылайша, қазіргі уақытта дәрігер кадрларындағы тапшылық 4 122 бірлікке тең», – деді спикер.

Әлі де босла, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлері, зертханашы дәрігерлер, психиатр, акушер-гинеколог және педиатр мамандары тапшы. Медициналық ұйымдар инфекционистерге, эпидемиологтарға, неонатологтарға аса мұқтаж. 8,5 мыңнан астам орта буын қызметкері жетіспейді.

egemen.kz