Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды

723

0

Қызылорда облысында ПТР әдісі арқылы коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде бұған дейін аталған жұмыс 6 зертханада жүзеге асты.Енді олардың қатары тағы 3 лабораториямен толықты. Ендігі кезекте қатерлі індетті анықтау «Lab-Cell» ЖШС, «Invitro» ЖШС және «Геном» ЖШС лабороторияларында да жүзеге асты. Осылайша өңірдегі барлық зертхананың бір күндік жалпы қуаты 3370 анализді зерттеуге жетеді.

«Бұл коронавирусты анықтайтын зерттеулерді кеңейтуге, ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ол аталған аурудың таралуының алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Жыл басынан бері облыс бойынша коронаврируты анықтауға барлығы 317 мыңға жуық сынамаға ПТР талдау жүргізілді. Бүгінгі күні ПТР тестілеу 9 зертханада қолжетімді болып отыр. Оның 4-еуі – мемлекеттік, 5-еуі – жеке меншік негізде жұмыс жасайды» деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<